«Алатау ауданына 70 миллиард теңге қаржы жұмсалды. Бірде-бір облыс орталығында мұндай қаржы жұмсалған жоқ. Егер жаңылмасам, Алатау ауданында 4 жылда 18 шақырымдық су құбыры, 118 шақырымдық газ құбыры жүргізіліп, 250 шақырымдық 160 көше асфальтталды. Сондай-ақ 1600 үй салынды», - дейді А. Есімов. Қала әкімінің айтуынша, ағымдағы жылы онда 5 мектеп пайдалануға берілмек. Қазіргі таңда онда мектеп, аурухана, емхана, балабақша сияқты әлеуметтік нысандар мен халыққа қызмет көрсету орталығы және барлық жергілікті атқару органдарының ғимараттары бар. Мәселен, желтоқсан айында пайдалануға берілген аудандық ішкі істер департаментінің күллі Қазақстанда баламасы жоқ. Бұған дейін ең үлкен аудандық ішкі істер депараменті Ақтөбе облысында болатын. Оның көлемі 150 шаршы метр болса, Алматыдағы ғимарат 800 шаршы метр аумақты алып жатыр. 5 қабатты бұл нысанда тұрғындар мен ондағы қызметкерлерге барлық қолайлды жағдай жасалған.
19:20, 25 Маусым 2012
Алматыдағы Алатау ауданына 4 жылда 70 миллиард теңге жұмсалды - А. Есімов
АЛМАТЫ. 25 маусым. ҚазАқпарат -Алматыда 2 шілде күні Алатау ауданының құрылғаныа 4 жыл болады. Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездескен кезде айтты.