Сервис жеке куәліктің чипіне электрондық сандық қолтаңбаны жазу жөніндегі ілкі жобаның аясында енгізілді. Бұрын мұндай қызмет сәуір айында Астана қаласының Алматы ауданының Мирзоян көшесі бойынша халыққа қызмет көрсету орталығында іске қосылған еді. Енді 1шілдеден бастап осы қызмет Алматы және Астанадағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді болады. Ал одан кейін бұл үрдісті елдің өзге де халыққа қызмет көрсету орталықтарында да жалғастыру жоспарлануда.
20:27, 01 Маусым 2012
Алматыдағы Алмалы және Бостандық ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық сандық қолтаңба қолжетімді болды
АЛМАТЫ. 1 маусым. ҚазАқпарат - Алматы қаласының тұрғындары жеке куәліктеріне электрондық сандық қолтаңбаларын (ЭСҚ) жаза алады. Бұл қызмет Алмалы және Бостандық аудандарының халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді.