Алматыдағы апат: Өрттен жапа шеккендерге арнайы комиссия өтемақы төлейді

АЛМАТЫ. 27 маусым. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігінде жанармай таситын көліктің жарылуынан орын алған алапат өрттің салдарынан жапа шеккендерге келтірілген залал көлемін бағалап,

оларға өтемақы төлейтін арнайы комиссия құрылады. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Бұған дейін хабарланғандай, бүгін таңғы сағат 10.00-де С. Сейфуллин мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында жанармай таситын көлік аударылып, жарылған. Оқиға болған жердегі бірнеше машина да күлге айналып, жалын жақын маңдағы тұрғын үйге де жеткен болатын.

Қазір өртенген пәтерлердің тұрғындары жақын маңдағы мектептердің біріне орналастырылды. Олар шаһар билігінің көмегіне алғашқы кезекте үмітті. Жарылыстың нәтижесінде күлге айналған темір тұлпар иелеріне де өтемақы беріледі.

Алматы әкімідігінің мәлімдеуінше, жапа шеккендер көзден таса қалмайды.