Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
27 маусым күні Алматы қаласында Сейфуллин даңғылы мен Қабанбай көшелерінің қиылысында сыйымдылығы 18 тоннаны құрайтын жағармай таситын «FAW» көлігі аударылды. Салдарынан бензин жерге төгіліп, көлік жанып кетті.
Жалын жақын маңдағы 12 темір тұлпарды және Сейфуллин даңғылындағы №510 8 қабатты тұрғын үйді шарпыған.
Өрт салдарынан 16 пәтер (оның 14 пәтері жарым-жартылай, екеуі толығымен), 2-ден 8 қабатқа дейінгі балкондар, үйдің бірінші қабатында орналасқан «Real sport» спорттық дүкенінің қас беті мен шатырдың бөгеті зақымданды.
Тілсіз жау 1000 шаршы метр аумақты жайпаған. Оқиға орнынан 40 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 6 тұрғын құтқарылды. Алған жарақаттардан 1986 жылғы жағармай таситын көліктің жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 120 маманы мен 29 техникасы, ҚР ТЖМ «ЦМК»ММ 3 маманы мен бір техникасы жұмылдырылды.