Оқиға орнына өрт сөндірушілердің алғашқы тобы келіп жетті.
«Қазір оқиға орнында барлау жұмыстары жүргізілуде. Өрттің ошағы әлі анықталған жоқ. Оны анықтау үшін ғимараттың шатырын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді ол.
Қазір оқиға орнында өрт сөндіруге жеке құрамнан 79 адам және 22 техника жұмылдырылған.