Алматыдағы Арбатты жаңғыртуға 3 млрд теңге қажет

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматыда Арбатты жаңғырту жобасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Алмазхан Ахмеджановтың айтуынша, жоба аталған басқарма әзірлеген тенхикалық ұсыныстар бойынша әзірленген.

«Біз күштеп ештеңені сүріп тастамаймыз, себебі, кәсіпкерлер қоғам алдындағы жауапкершілікті сезініп отыр деген үміттеміз. Бұл жердің сәнін қалай кіргіземіз, мәселе осында... Нақтырақ айтқанда, біз қалада жаяу жүргіншілер аймағын жасау, су ағызу, арықтар қазып, ағаш егу жұмыстарын кәсіпкерлермен біріге атқарамыз деп ойлаймын. Кәсіпкерлер ғимараттарының қасбеттерін, фасадтарын безендіреді», - деді Ахмеджанов.
 

Ол аталған жобаға қанша қаражат кетуі мүмкін екенін айтты.

«3 млрд теңгеден басталады. Бұл  негізгі шығынға қажет сома. Сапалы құрылыс материалдары алынады. Біздің міндетіміз  сапалы жұмыс атқару», - деді ол.
 

Оның айтуынша, жаңғырту жұмыстары көктемде басталады. Жобалаушылардың жоспары бойынша жаңғырту жұмыстары жаз маусымында жасалып, күзге дейін аяқталады. 
 

Соңғы жаңалықтар