Алматыдағы «Астана» алаңында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 25-і ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Алматыдағы «Астана» алаңында Алматы облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Соңғы кездері қаланың әр ауданында сенбі, жексенбі күндері осындай жәрмеңкелер ұйымдастырылуда. Ендігі кезекте қала әкімінің сұрауымен айына бір рет Астана алаңында осындай жәрмеңке өткізіліп тұрмақ.

 Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов пен Алматы облысы әкімінің орынбасары Тынышпай Досымбеков жәрмеңкені аралады.

Мұнда Алматы облысы тауар өндірушілерінің әкелген мал және жеміс-жидек өнімдерінің бірнеше түрі қойылған, олардың бағасы нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен.