Қалалық соттың баспасөз хатшысы Диас Махамбетовтың айтуынша, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері деп танылған 17 тұлғаға қатысты 2 айға қамауға алу туралы шешім шықты.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 30 мамырда Д.Байгабатов, А.Яхьяров, Б.Қасабеков, Т.Кенебаев, Ш.Худавадиев, Ч.Жархабеков, С.Джалелов, Б.Байсалбаев, И.Кабирова, Б.Арунова, М.Зайнаудина, И.Әбдрахманова, Р.Рамазан, Д.Шайдулла, Т.Ерланова, Т.Сүлейменова сотқа дейінгі тергеу органдарымен қамауға алынған болатын.
15 күдіктіге қатысты ҚР ҚК 262-бабының 2-бөлімі бойынша, яғни ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оған басшылық етті деген айып тағылды.
Сондай-ақ, ҚР ҚК 287-бабының 5-бөлімімен (қару мен жарылғыш заттардызаңсыз сақтау, сатып алу, ұстап жүру) іс қозғалды.
Алматы қаласы Әуезов аудандық ІІБ бұрынғы басшысы Бақыт Қасабековке ҚР ҚК 262-бабының 3-бөлімі, яғни қылмыстық топты құрып, өзінің лауазымын пайдалана отырып оған басшылық жасады деген айып тағылды.
Айта кетейік, мамырдың 29-нан 30 қараған түні арнайы жасақ қызметкерлері Алматыда қылмыстық топты құрықтаған болатын. Тінту жұмыстарының нәтижесінде Бақыт Қасабеков ұсталған болатын .