Алматыдағы Әуезов ауданында су беру уақытша тоқтатылады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат —Алматының Әуезов ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарында бір күн су болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы су» мекемесі 15 қыркүйек күні, сағат 8:00-ден 00:00-ге дейін «Жетісу-1»,

«Жетісу-2», «Жетісу-3»,«Жетісу-4» ықшам аудандары, сондай-ақ, «Достық» ықшам ауданындағы Ұлағат көшесінде орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарға суық су беру тоқтатылатындығын мәлім етті.

Сондай-ақ су қысымының төмендеуі Ақсай-4, Ақсай-5 ықшам аудандарының желілерінде де байқалатын болады.

«Алматы су» мекемесі мұндай шектеулер технологиялық жабдықты ауыстыру үшін қажет екенін мәлімдеп, қала тұрғындарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.