Алматыдағы аулалардың бірінде екі көлік өртенді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Алмалы ауданында екі жеңіл көлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат оқиға орнынан.

Алмалы ауданының Қожамқұлов көшесіндегі 90 үйде Volkswagen мен Toyota Camry көліктері өртенді. Абырой боғанда, екі өрт сөндіруші техниканың арқасында өрт уақытында сөндіріліп, жалынның жақын аумақтағы үйлерді де шарпуына жол берілген жоқ. Өрттің себеп-салдарын құзырлы орган өкілдері анықтауда.