«2012 жылы қала әкімінің бастамасымен қоғамдық көліктерге арнайы жолақ бөлу жайлы бағдарлама жасалды. Бүгіннен бастап жаңа ереже күшіне енді. Сондай-ақ, Абай көшесімен жүретін автобус маршруттарының саны қысқартылды. Оған дейін көшемен 20 автобус, 7 троллейбус маршруты жүретін. Енді 9 автобус, 4 троллейбус маршруты қалды», - деді Т.Әбдірахманов.
Оның айтуынша, қоғамдық көліктердің жылдамдығы сағатына 12 шақырымнан 18 шақырымға дейін артты.
«Енді қоғамдық көлік жеке көлікпен бәсекелесе алады. Қалалықтардың көбі қоғамдық көлікке отырады деген сенімдеміз», - деді басқарма басшысы.