Төтенше оқиға Саин көшесінің бойында, Шаляпин қиылысының маңайында болды. Оқиға орнына Әуезов ауданын әкімінің орынбасары Бақытжан Рахымбаев келді. Оның айтуынша, құбырдың жарылуына күннің күрт суытуы себеп болған. Қаланың барлық коммуналдық қызметтері жарылған құбырды жөндеуге кірісті. Осыған байланысты құбырға келетін ыстық су бір сағатқа тоқтатылды. Жөндеу жұмыстары 2-3 сағаттың көлемінде толық аяқталатыны туралы уәде берілді.
Судың көп мөлшерде ағуына байланысты, маңайдағы жолдың үстінде көктайғақ пайда болған. Коммуналдық қызметтерапатқа қатысты барлық кінәраттарды жоятынын айтып отыр.