Қала әкімі жоспарланған жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүруін және ағымдағы жылдың қараша айларында мегаполистегі жол қозғалысы осы автожолдың арқасында саябырсу керектігін жеткізді. Сонымен қатар жол жиегін көгалдандырып, абаттандыру жұмыстарын жүргізу керектігін айтып өтті.
Әл-Фараби мен Достық даңғылдарының қиылысынан Халиулин көшесіне дейін созылатын автожолдың жалпы ұзындығы 7-8 шақырым. Жол құрылысының құны 57 миллиард теңгені құрап отыр. Ағымдағы жылы жол құрлысының Әл-Фараби мен Достық даңғылдарының қиылысынан Балтабаев көшесіне дейінгі аралықтағы бірінші кезеңі аяқталмақ. Негізінен шығыс айналма жолды іске қосу осы жылдың қараша айына жоспарланған.
2010 жылы аталмыш жол құрылысына республикалық бюджеттен 14,8 миллиард теңге бөлінген.