Алматыдағы бал жәрмеңкесінде республиканың барлық аумағынан 40-тан астам омарташы өздерінің өнімдерін ұсынуда

АЛМАТЫ. 19 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы, Алматы ҚХА-ның хатшылығы Қазақстанның ұлттық омарташылар кеңесімен және Әуезов ауданының әкімдігімен бірлесе отырып «Алтын күз» атты бал фестивалін өткізуде.

Фестивальде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарынан 40-тан астам омарташы өздерінің өнімдерін ұсынуда. Жәрмеңкенің негізгі бағыты - бал мен бал өсірушілердің өнімдері.

Айта кетейік, аталмыш жәрмеңке 21 қазанға дейін жалғасады.