55 жастағы ер адам өзіне қол жұмсамас бұрын хат жазып қалдырып кеткен. Оқиға орнындағы фотосурет әлеуметтік желілерге тарап кетті.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі болған жайды растап отыр.
«Аталмыш дерек 20 мамыр күні Алматы қаласының Бостандық ауданында тіркелді. 1964 жылғы алматылық өзіне қол жұмсап, қаза тапты. Соңына хат қалдырып кеткен. Оның бұл қадамға бару себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлайды Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.