Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың ақпаратынша, Алатау ауданы Заря Востока шағын ауданы Головацкий көшесі, 61 мекен-жайы отқа оранған.
«Өрт туралы хабар сағат 17.50 келіп түсті. Оқиға орнында өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресіп жатыр. Қызыл жалын шарпыған аумақ пен өзге ақпарат кейін белгілі болады», - деп атап өтті ол.
Еске сала кетейік, 18 қыркүйекте Алматыда «Олжа» базарының қойма ғимараты отқа оранған болатын. Оны ауыздықтауға 360-тан астам адам, елуден астам техника, соның ішінде екі тікұшақ тартылды. Өрт 3 мың шаршы метр аумақты шарпыды.