Алматыдағы «барахолканың» өртенуіне қатысты сот ісі жабық режімде өтпек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2013 жылғы қыркүйекте отқа оранған «Аян», «Олжа», «Керемет» базарларының өртенгеніне қатысты алғашқы сот ісі 6 наурызда қалалық сотта қаралады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімбет хабарлады.

Оның айтуынша, отпен немесе қауіптілігі аса жоғары басқа да заттарды абайсыз қолдану салдарынан бөтеннің мүлкін жойғаны немесе зақым келтіргені үшін сауда орнын жалға алушы Ж. Хайранов пен «Құлагер» ЖШС және «Олжа» базарының бас директоры М. Алдабергенов айыпталуда. Еске сала кетейік, 2013 жылғы 13 қыркүйекте Алматының «Олжа», «Керемет» және «Аян» базарлары отқа оранды. 5 400 шаршы метрді аумақты от шарпыды.