Алматыдағы барлық мекемелердің көліктері арнайы тексеруден өткізіледі

АЛМАТЫ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов  тамыздың 16-да Алмаарасан шатқалында орын алған көлік апатына байланысты кеңес өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Естеріңізге сала кетейік,  тамыздың 16-сы күні сағат 17.45-те жүк көлігі «Тойота» жеңіл көлігіне,  одан әрі  экологиялық бекет пен дүңгіршекке соқтығысқан.Оқиға орнында 10 адам қаза тауып, 6 адам ауруханаға жеткізілген болатын.Оның біреуі ауруханада көз жұмған еді.

  Кеңес барысында қала әкімі қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына барлық қажетті көмекті көрсетуді тапсырды.Сондай-ақ құқық қорғау органдарына қала аумағында жұмыс істейтін барлық мекемелердің көліктерін тексеруден өткізуді жүктеді.Бұлардың ішінде жүк көліктері мен автобустарға баса назар аударылатын болады.Сонымен қатар ІІД-інің басшылығына барлық жүк көліктерінің жұмыс мүмкіндіктеріне арнайы сараптама жүргізуді тапсырды.