Алматы қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өрт таңғы сағат 06:09-да басталды. Базарда орналасқан ішінде тауарлық-материалдық құндылықтар - маталар, төсек орын бұйымдары, перделер, тағы басқалары жанды. Жалын тілі 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сағат 07:34-те ауыздықталып, 08:11-де сөндірілді.
Алматы қалалық ТЖД-нің тергеушілері өрттің себептері мен шығынын анықтауда.