63 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшымыз қарсыласын бірден қыспаққа алып, жұдырық астына алды. Бірінші раундтың 23-інші секундында Жұман Жұмабеков Владимир Ивановты нокаутқа жіберіп, жекпе-жек тоқтатылды. Боксшылар барлығы 4 раун өткізуі тиіс болатын.
18:26, 29 Қазан 2016
Алматыдағы бокс кеші: Жұман Жұмабеков қарсыласын нокаутқа жіберді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы сәтте Алматыда өтіп жатқан халықаралық бокс кешінде рингке алғашқы болып шыққан қазақстандық Жұман Жұмабеков қарсыласы Беларусь боксшысы Владимир Ивановты алғашқы раундта-ақ нокаутқа жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.