Алматыдағы Ботаникалық баққа кіру құны арзандады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы прокуратурасы Ботаникалық баққа кіру билетінің бағасын төмендетті. Бұл туралы қадағалау органының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы «Ботаника және фитоинтродукция Институты» РМК-на кіру билеттерінің тарифтерін белгілеуде бұзушылықтарды анықтады. Прокурорлық қадағалау актісімен Ботаникалық баққа келуші азаматтарға арналған тарифі 103 теңгеге төмендетілді»,- деліген хабарламада.

Бұған дейін Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры 2021 жылдың 10 сәуірден бастап ересектер билетінің бағасы 608,30 теңге, студенттік билет – 338,30 теңге, зейнеткерлік және мектеп билеті-158,30 теңге болатыны туралы айтқан болатын.