Алматыдағы «CAR-CITI» сауда үйінен шыққан сөндірілді

ТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Әуезов ауданында орналасқан 4 қабатты «CAR-CITI» сауда үйінен кеше таңертең шыққан өрт кешкісін толығымен сөндірілді,

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, автодөңгелектер, мотор майлары, автобөлшектер тұрған сауда үйінің жертөлесі сәрсенбі күні таңертеңгі сағат 04:46-да отқа оранған. Тілсіз жау кеше кешкі сағат 21:01-де толығымен сөндірілген. Қызыл жалын шарпыған аумақ 150 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 44 маманы мен 17 техникасы жұмылдырылды.