Аталған мұражай мен «Шығармашылық маусымы» өткізіп жатқан «Christmas Art Fair-2016» арт-жәрмеңкесі дәстүрлі шараға айналған. Биылғы жобада 300-ден астам өнер иелерінің көркемсурет қол өнер туындылары қойылған.
Шара күндері ресейлік суретшілер Петр Фролов және Наталья Турдың қылқаламынан туған шығармалар мен Ольга Лебедеваның киім сән үлгісі, Анастасия Елисееваның қуыршақтары және өзге де шеберлердің асыл бұйымдары көрермен назарына ұсынылады.
«Бізде 300-ден астам шебердің туындысы бар. Былтыр 260 қатысушы болған. Дәстүрге айналғандай, биыл да Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейден шеберлер келді. Сонымен қатар, Германия, Грузиядан дизайнерлер келді. Әр шарамыздың өз көрермені бар. Былтыр жәрмеңкемізге 8400 адам келсе, биыл 10 000 адам келеді деп топшылап отырмыз»,- деді шараның ұйымдастырушысы Елена Боровикова.
Жәрмеңке аясында жиһазды қайта өңдеу және Тігін үйі мамандары тарапынан шеберлік сағаттары өткізелді.