Алматыдағы дәріxана заңды бұзғаны үшін бір күнге жабылды
Сот үкіміне сәйкес, Алматы қаласы Гоголь көшесі 155 үйде орналасқан «P.E.» ЖШС-нің дәріханасын тексеру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген және мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрі-дәрмектер анықталған. Барлығы - MUCOS Pharma CZ SRO-ның өнімдері. Аталған препараттар ешқандай құжатсыз әкелінген. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша қауіпсіздік пен сапаны реттеу қортындысымен бекітілмеген болып шықты.
"Сот отырысында «P.E.» ЖШС директоры П. өз кінәсін толық мойындап, аталған тауардан ешқандай кіріс пайдасын жасамағанын, сонымен-қатар дәрі өзінің жеке қажеттілігі үшін алынғанын жеткізді. Сот қаулысымен «P.E.» ЖШС-і әкімшілік құқық бұзушы болып танылып, оған 453 800 теңге көлемінде (200 айлық есептік көрсеткіш) айыппұл салынып, 1 күн қызметін тоқтата тұру және дәрі-дәрмек өнімдерін тәркілеу әкімшілік жазасы тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ", - делінген сот үкімінде.