Оған Алматы қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері, қала басқармаларының басшылары, сондай-ақ, бизнес құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және мемлекеттік қызмет ардагерлері қатысты.
Өз баяндамасында Департамент басшысы Бақтияр Камалов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153-ші Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін және әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ережесін қатысушыларға түсіндірді.
«Меритократия, тиімділік және қоғамға есеп берушілік қағидаттарына негізделген қазіргі заманғы мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және дамыту үшін мемлекеттік қызметшілер өздерінің кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отырулары қажет.
Бұл Әдеп кодексі мемлекеттік қызметкерлердің қызметте және күнделікті өмірдегі жүріс-тұрыстарының жаңа стандартын бекітті. Соның негізінде енді мемлекеттік органдарда этика бойынша арнайы уәкілдер жұмыс істейтін болады. Олал әдептілік нормалардың сақталуын қадағалайды», - деді Б. Камалов.
Өз кезегінде Қазақстан кәсіпкерлері форумының атқарушы директоры Мунавара Палташева жаңа Әдеп кодексі мегаполисте қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға, бизнес секторымен мемлекеттік органдардың өзара терең әрекеттестігін қамтамасыз етуге септігін тигізетіндігін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын аймақтағы бизнестің даму деңгейімен ұштастыру қажет.
Ал, Алматы аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының директоры Әбікен Тоқтыбеков мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы жүріс-тұрысы, мінез-құлқы қоғамның мемлекеттік органдарға деген сеніміне әсер ететіндігін жеткізді. Сондықтан, оның пікірінше, әрбір мемлекеттік қызметкер қай кезде болмасын жоғары моральдық әдеп нормаларын сақтаулары тиіс.