Алматыдағы Джип пен Камаз текетіресіне қатысты полиция түсінік берді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы джипті итерген жүк көлігіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл оқиға 23 маусымда Медеу ауданында Тәттібеков көшесінде болған.

«Жолға таласқан "Хово" мен "Ниссан Патрол" жүргізушісі жолда тоқтап тұрып сөзге келген.

Жүк көлігінің жүргізушісі алдында тұрған джипті итере бастаған. Шамамен 200 метрдей жерге апарып тастады. Осы кезде Ниссан көлігінде кәмелетке толмаған екі бала болған. "Хово" жүргізушісіне қатысты полиция ҚР ӘқбК 610 бабының 1-бөлімімен әкімшілік іс қозғады. Жол көлігі оқиғасы бірыңғай тергеу ісі реестрінде тіркелді. Енді жақын арада сот басталады», - деді баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, джипті итеріп бара жатқан жүк көлігі желіде қызу талқыға түскен болатын.

Соңғы жаңалықтар