Алматыдағы дзюдо академиясы бір-бір жарым жылдың ішінде пайдалануға беріледі - ҚР Дзюдо федерациясы

АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бой көтеретін дзюдо академиясы бір-бір жарым жылдың ішінде пайдалануға беріледі.

Бұл туралы «KAZsport» телеарнасына сұхбат берген ҚР Дзюдо федерациясының вице-президенті Марат Мықтыбеков мәлім етті.

Айта кетейік, Алматыда алғаш рет өткен дзюдодан әлемдік Гран-би бәсекелері аясында қала әкімі Ахметжан Есімов пен Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер Дзюдо академиясының капсуласын салтанатты түрде қалаған болатын. Жаңа ғимарат Байзақов пен Шевченко көшелері қиылысында орналасқан спортта дарынды балалардың республикалық мектеп-интернаты аумағында бой көтереді.