Бұл туралы «Двойной угар» атты мақаласында (2012 жылғы 4 мамырдағы №78 (17436) саны) «Экспресс К» газетінің журналисі Анна Гончарова жазады.
Алматыдағы «егіздер» байқауын сән салонының иесі Инна Санникова ұйымдастырды. Ол өзінің салонында кез келген әйелден Мерилин Монро, Бриджит Бардо немесе Одри Хэпбернді жасай алатындығын айтты. Адамдардың Чарли Чаплинге немесе Маска рөліндегі Джим Керриге қаншалықты ұқсағысы келетіндігі туралы Инна Санникова айтпады.
Қалай дегенмен де, Масканың өзі - Сергей Губер бұл кейіпте өзін жайлы сезінді. «Жасыл» құлағына дейін күлімдеген ол, әсерлі би орындап берді.
«Бұл «Линия огня» шоу-балеті үшін менің қолданатын сүйікті бейнелерімнің бірі. Бірақ оған қарағанда мен рэпер Серега, стриптизші Тарзан немесе... Борис Моисеев бейнесінде көбірек шығып тұрамын», - деді Сергей.
Осы екі арада сән салонында ресторатор Ирина Белошапконы Мерилин Монроға өзгертті. Басында Ирина жұлдызға тек түссізделген шашымен ғана ұқсады. Бірақ қажетті макияж жасап, шашты бұйралап, көйлек кигізгеннен кейін, одан адамзат тарихындағы ең танымал аққұба әйел шыға келді.
Ұқсас адамдар би нөмірлерін орындап немесе жиналған көпшілік арасында жай ғана жүрді. Чарли Чаплин рөліндегі Кәрім Мұтырғанов халықты бәтеңке бауымен сиқыр жасауға үйретті. Феерияның соңы фотосессиямен және қолтаңба таратумен аяқталды.