Алматыдағы ең алып жыланның салмағы өлшенді
06:14, 02 Мамыр 2018
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы зоопаркінде Қазақстандағы алып жылан өмір сүреді. Ол жуық арада әлем зоопарктеріндегі ең ірі жыландардың бірі болуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жалпы әлем бойынша анаконда мен торлы питон жыландардың ішінде алыбы болып саналады. 2003 жылы жұмыртқадан шыққан 10 сантиметрлік Сандра (лақап аты) 15 жыл ішінде айтарлықтай өскен. Негізі торлы жыландар өмір бойы ұзарып өсіп тұрады.
Сенімді ақпарат көздеріне қарағанда, әлемдегі ең ұзын торлы жылан 7,5 метрді құрайды.
Фото: М.Сорокумов