Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының жаңа директоры тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет министрінің бұйрығымен Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болып Сұлтан Оңғарұлы Сраилов тағайындалды.

Бұл туралы qazaq-alemi.kz хабарлайды.

ҚР Мәдениет министрінің орынбасары Асқар Бөрібаев, Қазақстан және КСРО Халық артисі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық артисі Есмұхан Обаев бастаған топ ұжымға жаңа басшыны таныстырды.

Айта кетейік, Сұлтан Оңғарұлы Сраилов бұған дейін Астана қаласы әкімдігінің Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры - көркемдік жетекшісі қызметін атқарған.