Алматыдағы ғасырлық тарихы бар клиника туралы не білеміз
- Жанар Мырзекенқызы, бұл ауруханада емделушілерге қандай қызметтер көрсетіледі?
- Біздің аурухананың ғасырлық тарихы бар және елдегі ең ескі ауруханалардың бірі болып есептеледі. Алғаш рет 1929 жылы шағын амбулатория түрінде ашылған мекеме бүгінде 1500-ге жуық маман жұмыс істейтін заманауи көпсалалы клиника болып есептеледі. Біз халықаралық стандарттарға сай келетін медициналық қызметтердің бірнеше түрін ұсынамыз. Терапевтік және хирургиялық көмектің барлық түрлері, заманауи диагностикалық зерттеулер, бәрі-бәрі қамтылған. Тоқсаныншы жылдардың ортасынан бастап аурухана тұрғындардың бәріне қызмет көрсете бастады. Біз пациенттерді Міндетті әлеуметтік мелициналық сақтандыру жүйесі мен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қабылдаймыз. Жоғары технологиялық медциналық көмек бағытында мемлекет есебінен төленетін қымбат оталар жасаймыз. Одан бөлек ақылы негізде медициналық қызметтер көрсетеміз. Қатарымызда жоғары білікті медициналық мамандар жұмыс істейді. Олардың көмегіне елөңірлерінен ғана емес, алыс және жақын шетелдерден де пациенттер жүгініп жатады.
Біздің аурухана 2021 жылы ұлттық аккредиттеуден өтіп, республикадағы ең жоғары ұпайлардың бірін алды. JCI (Біріккен халықаралық комиссия) халықаралық аккредитациясын да алғанбыз. Бұл аккредитация бізге сапалы, тұрақты медициналық қызмет көрсетіп, пациенттер мен аурухана қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз еткеніміз үшін берілді.
- Науқастарды емдеуде қандай озық технологияларды қолданып жүрсіздер?
- Біздің аурухана диагностикалау мен емдеудің қолданыстағы тәсілдерін үнемі жетілдіріп, жаңа әдістерін енгізіп отырады. Терапия қызметі – ең бір тарихы бай әрі тәжірибелі қызметтердің бірі. Тыныс алу органдарының ауруларын, эндокриндік жүйе мен асқазан-ішек жолдарын, жүрек-тамыр жүйесін, неврологиялық және ревматологиялық ауруларды емдеуге кәсіптенген.
Жансақтау және науқас қабылдау бөлмесінде де бүкіл заманауи әдістері қолданылады. Мұндай науқастар сырқатының ауырлығы мен кезек реті бойынша жатқызылады. Емдеу хаттамасының ұлттық стандартынан басқа, заманауи еуропалық және америкалық тәсілдерге назар аударамыз. Сондықтан шетелде емделіп көрген науқастар мұндағы жағдай шетелдік клиникалардан кем түспейтінін айтады. Кейінгі жылдары шетелден медициналық турситер мен науқастардың көптеп келуі соған дәлел бола алады.
Сондай-ақ, 2011 жылы бізде кардиологиялық орталық ашылған. Ол емхана мен стационардың кардиологтарын, интервенциялық кардиологтарды, кардиохирургтар мен аритмологтардың басын бір орталыққа біріктірді. Мұнда емделушілерге шұғыл медициналық көмектен бастап оңалтуға дейінгі сатыдағы қызметтің бәрі ұсынылады. Сондығымен бірегей. Әлемдік стандарттар бойынша да бұл нысан бірегей мекем болып есептеледі. Өйткені науқас кешенді емдеумен оңалту шараларын бір мекемнің ішінде алады. Сонымен қатар, бізде амбулатория қызметі жақсы дамыған. Стационарлық ем алған пациенттер одан әрі бақылау үшін емхана дәрігерлеріне беріледі.
- Жиі ота жасайсыздар ма?
- Иә. Біз жоспарлы және шұғыл оталар жасаймыз. Атап айтсақ, нейрохирургиялық, онкохирургиялық, кардиохирургиялық, офтальмологиялық, травматологиялық, гинекологиялық оталар көбірек жасалады. Бізде аритмология орталығы ашылғанына көп болған жоқ. Сондай-ақ, былтыр Паркинсон ауруын хирургиялық емдеу орталығы жұмысын сәтті бастады. Бұл операциялардың бәрі қымбат. Сондықтан пациенттер портал арқылы тіркеліп, ем алады. Былтыр осы екі орталықта біз 100-ден астам ота жасасақ, соның 50-ден астамы Паркинсон ауруын емдеуге бағытталыпты. Бүгінгі таңда бұл кең таралған ауру. Қазірдің өзінде хирургиялық ем алғысы келетіндердің кезегі қалыптасқан.
- Мұндағы мамандар өзгер әріптестерімен білгенін бөлісе ме?
- Әрине. Былтыр жыл аяғынан бастап Медеу ауданының дәрігерлерімен байланысымызды нығайтып жатырмыз. Біз оларды өз мүмкіндіктерімізді көрсету үшін клиникамызға шақырамыз, жетекші мамандармен ақпараттық саяхат өткізіп, семинарлар ұйымдастырамыз. Ондай тәжірибе алмасу шараларында диспансерлік бақылау, пациенттердің демеу терапиясына бейімдігі, науқастардың медициналық көмекке уақтылы жүгінуі сияқты мәселелерді талқылаймыз. Миокард инфарктісінің бастапқы және қайталама сатыларының алдын алу бағдарламаларын әзірлеп жатырмыз.
- Мекеме пандемия кезінде қалай жұмыс істеді?
- Әрине, инфекциялық стационар ретінде қызмет көрсеттік деп айта алмаймыз. Бірақ пандемия кезінде біздің аурухана штаттық режимде жұмыс істеді. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің талаптары бойынша «қызыл» аймаққа жатқызылдық. Бүкіл санитарлық нормаларды сақтадық. Біздің қызметкерлер еліміздің барлық дәрігерлерімен қатар карантиндік талаптарды сақтай отырып, пациенттерге көмек көрсетті. Сондай-ақ, мамандарымыз пандемия кезінде жетекші шетелдік, республикалық және қалалық мамандармен онлайн-консультациялар өткізді. Коронавирус белгілері бар науқастар жағдайының ауырлығына байланысты инфекциялық ауруханаларға жіберілді.
- Мұндағы дәрігерлерге қандай жағдай жасап отырсыздар?
- Ауруханада дәрігерлердің жұмысы үшін бүкіл қажетті жағдайлар жасалған. Семинарлар мен ғылыми-практикалық конференциялар, шеберлік сыныптары тұрақты өтіп тұрады. Жаңадан келген қызметкерлердің бәрімен тәлімгерлік жұмыс жүргізілуде. Біз жас, келешегі зор мамандарды жұмысқа қабылдаймыз. Сол үшін елдегі медициналық жоғары оқу орындарымен меморандумдарға қол қойғанбыз. Соның аясында болашақ дәрігерлер біздің мекемеде тәжірибеден өтіп жатыр.
- Сұхбатыңыз рақмет!