Алматыдағы газдың нақты бағасы осы айдың соңында анықталады - Ұ.Қарабалин

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов газ бағасының қымбаттауына қатысты мәселе көтерді.

Оның айтуынша, газдың құны 37 пайызға көтерілетін болса, алматылықтардың біразы ақшадан қағылады. Осыған орай, қала басшысы тиісті органдарға сұрау да жолдапты. Бірақ жауап әлі жоқ. Премьер-Министр Серік Ахметов осы мәселе бойынша ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалиннен түсініктеме беруді сұрады. «Дәл қазір біз бұл сұраққа жауап бере алмаймыз. Себебі 30 қыркүйек күні мекемеаралық комиссияның отырысы өтеді. Онда газдың бағасы бөлек мәселе ретінде қаралады. Сол жерде шешім шығарғаннан кейін біз нақты жауап бере аламыз», - деді Ұ.Қарабалин.