АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан «Ариал» гольф-клубынан жексенбі күні сағат 11:00-де тұтатқышы жоқ Ф-1 гранатасы табылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Жарылғыш зат табылған жерге шұғыл әрекет ету қызметі, оның ішінде ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 12 маманы мен 5 техникасы келіп жетті.
Ведомствоның атап өтуінше, арнайы жүргізілген іс-шаралар барысында оқу-жаттығу гранатасы сараптама жасауға алынды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.