Алматыдағы Горький атындағы орталық саябақта бүлдіршін әткеншектен құлап кетті

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Алматы қаласында, Горький атындағы орталық саябақта жексенбі күні сағат 17.31-де кесе күйіндегі әткеншектен абайсызда 5 жасар қыз құлап кетіп, әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.