Қалалық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері оның алғашқысын Халықаралық Алматы әуежайында «Алматы - Үрімші» бағытындағы әуерейсін тіркеуден өткізу кезінде анықтады. Онда 1981 жылғы бір азаматша кедендік рәсімдеуден өтпеген 25 880 АҚШ долларын құрайтын шетел валютасын жасырын алып өтпек болған. Ал екінші қылмыс «Алматы-Тбилиси» бағытындағы әуерейсін тіркеу барысында әшкереленді. 1986 жылы дүниеге келген азаматша жеке жүктерінің арасына жасырып 28 000 АҚШ долларын құрайтын шетел валютасын ел аумағынан заңсыз алып шығармақ болған. Енді экономикалық контрабандаға жататын бұл 2 оқиға бойынша Алматы қаласының Кедендік бақылау департаменті ҚР ҚК 209 бабы 1 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғамақ.
11:28, 01 Қыркүйек 2012
Алматыдағы халықаралық әуежайда кеденшілер өзге елдерге шетел валютасын заңсыз алып шықпақ болғандардың жолын кесті
АЛМАТЫ. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматыда кеденшілер тамыз айының соңғы аптасында экономикалық контрабанда болып табылатын екі қылмыстық істің жолын кесті.