Ол Құтқарушы күнінің 20 жылдығына орайластырылды.
Өзінің алғы сөзінде Алматы қ. ТЖД басшысының орынбасары, полковник Ерлан Нұрпейісов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары В. Божконың құттықтау хатын оқыды. Сондай-ақ ол Қазақстанның азаматтық қорғаныс саласын ғылыми-техникалық, ұйымдық-құқықтық және әдістемелік базасын жетілдірмей, оны заман талабына сай дамыту мүмкін еместігін атап өтті.
«Қазақстанда индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы экономиканың, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің дамуына зор серпін беруде. Бүгінгі жиынды өткізудегі басты мақсат - төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою саласында ғылыми және зерттеу қызметін дамту, өзара тәжірибе алмасу, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс мәселелерін шешуде ортақ тәсілдеме әзірлеу. Ал бұл, өрт сөндірудің жаңа заманауи әдістерін дер кезінде меңгеріп, пайдалануға мүмкіндік береді», - деді Ерлан Нұрпейісов.
Ал ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс ғылыми-зерттеу институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Руслан Жұмағалиев өз баяндамасында елімізде өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласында заманауи зерттеу базасын құру керектігін ұсынды.
Бүгінгі шараға еліміздің әр өңірінен азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі саласының мамандары және бірқатар елдерден өкілдер қатысты.