деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ағымдағы жылдың 7-ші сәуірінде ашылған бұл зал - заманауи инфокоммуникациялық технологиялар әлеуметтік-танымдық орталық болып табылады және мұнда әрбір келуші телекоммуникацияның жаңа қызметтерін пайдалану тәжірибесі мен сарапшылардың кеңесін тегін ала алады.
«Алматыдағы iD-Center - бұл бір жыл бұрын Астана қаласында ашылған Show Room таныстыру залынан кейінгі компанияның екінші ірі жобасы. Сондай-ақ таныстыру алаңдары Қарағанды, Шымкент және Атырау облыс орталықтарында жұмыс істеуде», дейді ҚТО-ның коммерциялық бөлім директорының орынбасары Бахтияр Ошурбаев.
«iD-Center» - «Ақылды үй», «Интеллектуалдық офис», «Интернет-кафе», «Медиа-стена» және «Конференц-зал» сияқты 5 жүйелік саралымнан тұрады.
«Ақылды үй» келушілерге «Triple play» тұжырымдамасы бойынша қызметтермен таныстырады. Бұл үйде пайдаланушыларға бір телефон желісі арқылы кеңжолақты арна негізінде телефон, ғаламтор желісіне жоғары жылдамдықта қосылу және iD TV сандық теледидар қызметін ұсыну. Ал «Интернет-кафе» бөлімінде Wi-Fi технологиясы бойынша ғаламтор желісіне сымсыз қатынау қызметімен танысуға және пайдалануға болады.
Аптасына алты күн қызмет ететін орталықтың кеңес беру жұмысын төрт маман атқарып отыр.