«Бүгін көпшіліктің назарына 34 қалта ұрыларының суретін жариялап отырмыз. Олар өз құрбандарын қоғамдық көліктен іздейді. Осы жолы сұғанақтардың қатары жастармен толығыпты. Ұсталған қалта ұрыларының арасында 2001 жылы туғандар бар. Сондай-ақ, бұрын осы қылмысы үшін жауапқа тартылғандарды да кездестіруге болады»,- дейді Алматы қалалық криминалдық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Суреттегі адамдардан, зардап шеккендер болса Алматы қаласы ПД -нің криминалдық полиция басқармасына 254-40-12, 254-43-93 немесе 102 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.