Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қалалық полиция департаменті қылмыс жиі болатын, көшелері тас қараңғы аймақтардың картасын жасаған болатын. Департамент мәліметінше, мұндай орындар саны – 148. Қылмысқа әсер ететін себептердің бірі – жарықтың жоқтығы. 83 көше мен 65 аула жарықтандырылмаған. Жыл соңына дейін 83 көшенің 22-сіне жарық орнатылады. Қалған 61 көшені 2021 жылға дейін жарықтандыру жоспарланып отыр.
Қалалық инфрақұрылымдық даму және энергия тиімділігі басқармасы аулаларды жарықтандыру ісін бастап кетті. 62 ауланы түгелімен қамту ойда бар. Бүгінгі таңда Түрксіб ауданына қарасты 5 аулада жұмыстар толық аяқталған.