Қала басшысының сөзінше, Алатау ауданында үнемі су басатын жерлердің мәселесі толық шешілді. 18 учаскенің 16-сында жұмыстар орындалды, қалған 2 учаске бойынша жақында аяқталады.
«Сонымен қатар, биыл біз Қарасу көлін механикалық тазарту жұмыстарын бастадық. Бұл көл алғаш рет тазартылып жатқанын атап өткім келеді. Жұмысты осы жылдың қыркүйек айында аяқтаймыз», - деді Ерболат Досаев.
Бұған дейін Есентай өзенінің арнасын балшық, шөгінді, тас және қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы жазған болатынбыз.