ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, спортшыларымыздың барлығы салмақ бойынша лимиттен ауытқыған жоқ.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бокс кеші аясындағы екі айқас титулдық болады: Сұлтан Зәуірбек (8-0, 6КО) WBC-тің екінші жартылай орта салмақтағы вакантты «жастар» белдігі үшін қытайлық Лешан Лимен (16-3-2, 9КО) кездессе, Виктор Коточигов (10-0, 4КО) аргентиналық Хавьер Клаверомен (27-5, 5КО) жекпе-жекте WBC International нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы титулын қорғайды.
Сондай-ақ шоу барысында өзге 7 қазақстандықтың өнерін тамашалайтын боламыз. Барлығы келесі жұптар рингке шығады:
Рай Сейітжанов (1-0, 0КО) - грузиндік Гиорги Абуладзе (11-9-1, 4 КО), жеңіл салмақ;
Мирас-Әли Сәрсенов (1-0, 1 КО) - әзербайжандық Аскар Рагимов (3-3, 1 КО), екінші жартылай жеңіл салмақ;
Нұрдос Төлебай (1-0, 0КО) - әзербайжандық Рамиз Мамадов (1-0), бірінші жартылай орта салмақ; Ескендір Харсан (Қазақстан, 7-0, 6 КО) — Томас Эссомба (Камерун, 9-5, 3 КО), аса жеңіл салмақ;
Нұртас Әжбенов (Қазақстан, 7-0, 3 КО) — Лэнди Крис Леон (Филиппин, 13-20-5, 6 КО), жеңіл салмақ;
Елшат Нығметолла (Қазақстан, 15-0-1, 5 КО) — Крис Альфанте (Филиппин, 17-7-1, 9 КО), аса жеңіл салмақ;
Абай Төлеш (Қазақстан, 4-0, 3 КО) — Томаш Безвода (Чехия, 8-10, 5 КО), орта салмақ;
Хуршид Тожибаев (Өзбекстан, 3-0, 2 КО) — Айзек Джуниор (Индонезия, 26-13-3, 9 КО), екінші жартылай жеңіл салмақ;
Алиу Бамиделе Ласиси (Нигерия, 13-0, 8 КО) — Хамсон Ламандау (Индонезия, 10-4-1, 7 КО), екінші аса жеңіл салмақ.
Бокс кеші 16 желтоқсан күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.