Алматы қалалық ПД хабарлауынша, арнайы мобильді топ бұл мекемеге түн ортасында келген. Броньдау тізімінен ән айтқысы келгендерді күзетшілер барға дейін апаратын бір лифтке нұсқап жіберіп отырған.
«Тексеру кезінде караоке-клубта 35 адам болған. Олар жеке қауіпсіздік шараларын естен шығарған. ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес әр құқық бұзушыға қатысты ДККБТУ қызметкерлері әкімшілік материалдарды жинады.
Естеріңізге сала кетейік, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды елемегені үшін заңнамада 30 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған»,-делінген хабарламада.
Мегополисте рейдтік іс-шаралар жалғасуда.