АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Көк базар үш күнге жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл ақпаратты базар әкімшілігі растады.
Бүгін, яғни 25 қыркүйекте базар түскі сағат 12:00-ге дейін ғана жұмыс істейді.
«Әкімдіктен «Жалға алушылардың қауіпсіздігі және базардың материалдық құралдарының сақталуы үшін базар жабылады», деген ауызша нұсқау келіп түсті», - деді базар әкімшілігінің өкілі.
Көк базар 28 қыркүйекте қайта ашылады.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.