Өрт жоғарғы қабаттан басталған және алдын ала болжамдар бойынша ол электр сымынан шыққан. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың сөзінше, өрт туралы хабар 101 пультіне сағат 17:26-да түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына хабар алысымен 8 минуттан соң, яғни сағат 17:34-те жетті.
Өрт оқиғасы бойынша мән-жайды анықтау барысында 2 қабатты жеке тұрғын үйдің мансардысы жанғандығы белгілі болды. Өрт 1 сағаттың көлемінде, 18:30-да ауыздықталды. Қолға алынған шаралар 2 қабатты үйдің төменгі қабатының өртенуінің алдын алуға мүмкіндік берді»,-деді Сандуғаш Баймұхамбетова.
Өрт сағат 18:50-де толықтай сөндірілді. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Кейбір мәліметтер бойынша аталған үйде танымал қазақстандық желі ресурстарының бірінің редакциясы орналасқан.