Бір әйел сол жерде көз жұмса, екі адам ауруханаға түсті. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың бірі Алматы облыстық копрофильді ауруханасына жеткізілді.
Тағы бір жолаушы Шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасына жеткізілід.
Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
«Пациенттің денесі көп жерден сынған, оң жақ жамбасы жарақаты бар, кеуде қуысынан соққы алған. 1-2 дәрежелі травматикалық шокпен жеткізілді. Науқастың жағдайы ауыр. Жансақтау бөлімінде жатыр», - деді баспасөз қызметінен.
Айта кету керек, жол апаты бүгін Күдерин көшесінде болған еді. Мерседес жүргізушісі көлік тізгінінен айырылып қалып, жол шетіндегі үш адамды қағып кеткен.
Соның салдарынан 68 жастағы кейуана сол жерде көз жұмды.