"Қала әкімдігі көлікті газға көшіру жобасын одан ары жалғастырады. Бұл шамамен 4-5 мың автомобиль. "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы заңды және жеке тұлғаларды автокөліктерін газға көшіруді экономикалық жағынан ынталандырудың тетіктерін жасауда. Олардың көліктерінің двигателдерін жеңілдікпен табиғи газды қолдануға бейімдеу үшін микрокредиттік ұйым құрылды", - дейді Ахметжан Смағұлұлы. Оның айтуынша, жолаушылар тасымалдау қызметіне тендер болған кезде енді автопарктердің өз көліктерін газбен жүруге көшіру жобасы маңызды рөл атқаратын болады. Сондықтан әрбір автопарктің өз автобустарын газға ауыстыруға қатысты нақты жоспарлары болу керек. «Алматы» әлеуметтік- кәсіпкерлік корпарациясында таксопарктерге көліктерінің двигателін табиғи газбен жүруге бейімдеуге шағын несие беруге арнайы қаржы қарастырылып отыр. Бұл үдеріске таксопарктердің жетекшілері белсенді түрде атсалысуы керек. Егер олар бұған қатыспайтын болса, қалалық әкімдік үшін муниципалды таксопарк құру автопарк құрудан қиын емес екенін қатаң ескерткен шаһар басшысы қажеттілік туып жатса, муниципалдық автопарк саны көбейтілетінін айтты. Өйткені, алғашқы муниципалды автопарктегі газбен жүретін 200 автобус қазіргі таңда 9 бағытта жолаушыларға қызмет көрсетіп, өзінің тиімділігін дәлелдеуде.
12:55, 17 Тамыз 2011
Алматыдағы коммуналдық көліктер алдағы уақытта толықтай газбен жүретін болады - Ахметжан Есімов
МАТЫ. 17 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда алдағы жылдары жанармаймен жүретін 4-5 мың коммуналдық автокөліктер газға ауыстырылады. Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін "Көлік табиғи газбен - Қазақстан" деп аталатын форумда айтты.