Өрт сағат 01:34-те ауыздықталып, 02:12-де сөндірілді. Онымен күресте ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 55 адамы мен 13 техника бірлігі жұмылдырылды. Жалын тілі 50 шаршы метр аумаққа тарады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 12 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
09:11, 22 Қыркүйек 2012
Алматыдағы қонақ үйде болған өрт салдарынан 12 адам қауіпсіз жерге көшірілді
АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан Горная көшесіндегі 3 қабатты «Эдельвейс» қонақ үйінің 2-ші қабатында түнгі сағат 00:57-де өрт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.