«Іс қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді, онда осы адамның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Бұған дейін, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған болатын», - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.
Еске салайық, 24 қазан күні ер адам бір жарым жасар қызын ұрып-соғып, мерт қылды. Алғашында ол перзентін буындырып өлтіргендігі туралы хабар тараған болатын.
Көп ұзамай қызын ұрып өлтірген әке қамауға алынды.
Кейін күдікті ер адам 41 жастағы Ұлыбритания азаматы екені анықталды.