Оқиғаға қатысты видео желіде тарады.
Алматы қаласының құрылыс басқармасы аталған мәселе бойынша түсінік берді. Басқарманың мәліметінше, «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенінде 2019 жылы сумен жабдықтау жүйесі салынған. Жобада болат құбырлар қарастырылған, бірақ құрылыс барысында оларды пайдалану кезінде жиі істен шыға бастаған соң, мердігер оларды талшықты құбырларға ауыстырды. Жобалық шешімді өзгертудің негізділігі мен жүргізілген жұмыстардың сапасын сарапшылар бағалап, нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қалалық прокуратураға қажетті тапсырмалар берілді, жауаптылар заң алдында қатаң түрде жауапқа тартылатын болады.
«Қазіргі уақытта аталған тұрғын үйдің апатты учаскесінде «Алматы су» МКК, құрылыс басқармасы және Наурызбай ауданы әкімдігі бірлесіп, сумен жабдықтау құбырын ауыстыру мен бұру бойынша қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. 18 қазанда өндіруші зауыттан қосалқы бөлшектер мен материалдар жеткізіледі деп күтілуде. Олар келгенге дейін дайындық жұмыстары жүргізіледі. Сумен қамту жұмыстары 19 қазанға дейін аяқталады. Үйлердің тұрғындарын уақытша сумен қамтамасыз ету мақсатында су таситын көліктермен ауызсу тасымалданады», - делінген басқарма хабарламасында.