Видео мен суреттерді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынды. Ол жерден бос палаталарды, дәліздерді, жансақтау және қабылдау бөлмесін көруге болады.
Басқарма мәліметіне сәйкес, бұл медициналық мекемеде 500 төсек-орын бар. Жалпы, қалада төсек-орын саны 7011, оның 5000 бос емес.
«Өздеріңіз білетіндей, жұқпалы ауруларға арналған барлық төсектер материалдық-техникалық жабдықталуына, персоналдың дайындығына байланысты 3 эшелонға бөлінген: жағдайы ауыр, қалыпты және жеңіл науқастарға арналған. 29 наурыздағы жағдай бойынша жұқпалы аурулар ауруханаларында 2 759 адам (108 бала) жатыр, 39 науқастың жағдайы өте ауыр, 266-сы ауыр, 2 454-і орташа ауырлықта. 28 наурыз күні 204 адам ауруханадан шығарылды», - деп хабарлады басқармадан.